«Раян» бөбекжай балабақшасы
Түркістан облысы, Келес ауданы ,Бірлік е/м Бірлік ауылы, ЖШС «Раян» бөбекжай балабақшасы. № 160940013095 құрылтайшысы Б.М.Назыр 2017 - жыл 20- желтоқсандағы №02-шешімімен 2017жыл 20 желтоқсаннан бастап ашылды.
Балаларымыздың шығармашылығын дамытатын, ойын мен оқуды ұштастыратын қызықты және пайдалы іс-шаралар арқылы олардың әрбір күні қуанышқа толы болады
Дені сау балалар үшін маңызды тағамдармен дұрыс тамақтану, өсу мен дамуға қажетті қоректік заттарды қамтамасыз етеді.
Балалардың мінез-құлқын, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру және оларды өмірге дайындау үшін жауапкершілікпен қарау – тәрбиенің басты мақсаты.
Балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта құру, олардың денсаулығын сақтау және психологиялық жайлылығын қамтамасыз ету өте маңызды.
ЖШС «Раян» бөбекжай балабақшасы штаттық кестеге сай жұмыс жасайды. Білім беру барысында мектепке дейінгі 8педагог қызмет етеді.Олардың ішінде 1 меңгеруші, 1 әдіскер, 5тәрбиеші, 1 психолог жұмыс жасайды.
1-қабатты ғимарат типтік үлгіде ыңғайластырылған. Балабақша 65орындық, қазіргі таңда 65 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа топтастырылған.
1. Кіші топ «Ботақан» (2 жастағы балалар) - 15бала
2. Ортаңғы топ «Бәйтерек» (2 жастағы балалар) - 25бала
3. Ересек топ «Қыран» (4 жастағы балалар) – 25 бала